Тәжікстан парламенті жоғарғы палатасының төрағасы Рустам Эмомали Бішкекте өткен ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 56-шы отырысында Тәжікстанда Ресей салған мектептердің сапалы білім беретінін айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Sputnik-ке сілтеп.
Жиын барысында Тәжікстан мен Ресей ынтымақтастығы білім беру саласына көп пайдасын тигізуде. Әсіресе тәжік балалары үшін Ресей мектептері білім алуға ыңғайлы.
Рустам Эмомалидің айтуынша, бұл мектептер Тәжікстан-Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының гуманитарлық құрамдас бөлігін нығайтуға ықпал етеді.
Сондай-ақ Эмомали Тәжікстан Конституциясында орыс тілі "халықаралық қатынас тілі" ретінде танылғанын айтты. Тәжікстанның барлық мектептерінде орыс тілін оқуға міндетті, онымен қоса, шет тілдерін оқыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бекітілген.
Төраға Рустам Эмомали Тәжікстан президенті Имамәли Рахмонның ұлы екенін еске саламыз.
Related news
Citizens with different points of view will be given the opportunity to come to power," Tokayev distributed Mazhilis
“The President is keeping the situation under control.” Akorda issued a statement about Ukraine during the night