Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды

2831
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/bishimbaev.jpeg
Әйелін өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Бұл ақпарат Астана соттарының Facebook-тегі парақшасында жарияланды. Жазбада:
"2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті К.Бишимбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын хабарлады.
Comments