Франция президенті қайғылы оқиғаға қазақ тілінде көңіл айтты

2460
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/makron-emmanuel.jpg
Францияның президенті Эммануэль Макрон еліміздегі қайғылы оқиғаға  қазақ тілінде көңіл айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Француздық саяси және мемлекеттік қайраткер өзінің Facebook-тегі парақшасында Костенко шахтасындағы апатқа байланысты көңіл айту жазбасын жариялады.
"Барша қазақстандықтарға деген достық пейілімді жеткізу мақсатындағы Қазақстанға тарихи сапарыма бірнеше күн қалғанда елдің шахталарының бірінде болған қайғылы хабарды терең мұңмен қабылдадым. Барлық қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, - деді ол.    
Comments