Костенко шахтасындағы жарылыс толқыны 2 шақырымға жеткен. Бұл туралы Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының директорының орынбасары Геннадий Силинский брифинг барысында айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Жарылыс толқыны 2 шақырым жерге жетті. Шахтада тексеру жұмыстары 9 қазаннан 30 қазанға дейін жүргізілуі тиіс еді. Алдыңғы тексерулердің нәтижесінде 200-ден астам бұзушылық табылған. Негізгі бұзушылық – газ мөлшерін бақылаудың сапасыздығы. Бұл ретте тиісті бақылау болмаған, - деді Геннадий Силинский.
«Адырна» ұлттық порталы
Related news
In the Almaty region, the volume of investments in the field of tourism amounted to 9.9 billions tenge
The Ministry of Foreign Affairs told the Kazakhs who disappeared in the zone of the "Golden Triangle".
