Мемлекет басшысы Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Ақорда мәліметінше, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Сонымен қатар Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.«Адырна» ұлттық порталы
Related news
The Development Bank of Kazakhstan, which enriched the Nazarbayev dynasty, will be radically reformed