Бас прокуратура Аягөз қаласындағы төрт баланың өмірін жалмаған өртке қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді. Бұл ақпаратты Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Тергеу амалдары басталды. Өрттің не себепті болғаны бәрі анықталады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір сізге өрттің неден болғанын айта алмаймын, - деп жауап берді ол Сенаттың жалпы отырысынан соң кулуарда берген сұхбатында.Еске салайық, 25 қазанда таңертең Абай облысы Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінен өрт шығып, 4 баланың мәйіті табылған болатын.
Related news
In the Almaty region, the volume of investments in the field of tourism amounted to 9.9 billions tenge
An open day was held in Astana on the occasion of the opening of the "Atameken Kazakhstan Map" ethno-memorial complex and Children's Day