ДДҰ Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға 1,8 млн доллар бөледі

2064
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/izobrazhenie_2023-10-25_200458102.png
Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық комитетінің (ERC) 73-сессиясы барысында екі жылдық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп жазады "Адырна".  Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі қаржының не үшін жұмсалатынын түсіндірді: - медициналық қызметкерлердің әлеуетін арттыру үшін халықаралық ұйымның сараптамалық, әдістемелік және техникалық қолдауын қамтамасыз ету; - аналардың, жаңа туған нәрестелердің, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау; - онкологиялық және басқа да жұқпалы емес аурулармен, АҚТҚ, ЖИТС, туберкулезбен күресу; - медициналық кадрларды даярлау; - халықпен ақпараттық жұмыс. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният өткен екі оқиғаның – алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі жаһандық конференцияның және ДДҰ Еуропалық аймақтық комитетінің 73-ші сессиясының ерекше маңыздылығын атап өтті, онда 80 мемлекеттің денсаулық сақтау министрлері, ДДҰ сарапшылары мен мамандары қатысты.
Comments