Жамбыл облысында «Таблиғи жамағат» РҚБ жетекшісі ұсталды

3011
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/photo-output-17-960x500.jpeg?token=345099cea2d8f43729339ff96365f3e1

Жамбыл облысында «Таблиғи жамағат» РҚБ (республикалық қоғамдық бірлестігі) жетекшісі ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы taunews.kz сайтына сілтеп.

Ақпаратқа сәйкес, күдікті бірнеше рет “дағуат”, яғни «әскери қызметке шақыру» жасап, экстремистік ұйымның мүшелерін жинап, жаңа жақтастарды тартқан. Оның тұрғылықты жерін

тінту барысында діни әдебиеттер табылып, тәркіленді.

Қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, «Таблиғи жамағат» ұйымы экстремистік деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағында оның қызметіне тыйым салынған.

Comments