Аудан және қала әкімі сайлауы қай күні өтетіні белгілі болды

3564
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/izobrazhenie_2023-09-14_160101339.png
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров республикалық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің сайлауы 5 қарашада өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды adyrna.kz ұлттық порталы. Бүгін орталық сайлау комиссиясында республикалық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің сайлауына байланысты жиын өтті. Жиында 42 аудан және 3 қала әкімінің сайлауы өтетіні хабарланды. Абай: Кручатов қ., Абай ауданы Ақмола: Ақкөл, Астрахан, Есіл, Жақсы, Шортанды аудандары Ақтөбе: Ырғыз, Қобда, Ойыл аудандары Алматы: Балқаш, Жамбыл аудандары Атырау: Исатай, Қызылқоға аудандары ШҚО: Алтай, Глубокое аудандары Жамбыл: Жуалы, Т.Рысқұлов аудандары Жетісу: Кербұлақ, Сарқан аудандары БҚО: Бөкей ордасы, Қаратөбе, Тасқала аудандары Қарғанды: Приозерск қ., Ақтоғай, Осакаров аудандары Қостанай: Рудный қ., Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федеров аудандары Қызылорда: Сырдария, Шиелі аудандары Маңғыстау: Бейнеу аудандары Павлодар: Ақтоғай, Железин, Шарбақты аудандары СҚО: Есіл, Мамлют, Тимирязев аудандары Түркістан: Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандары Ұлытау: Ұлытау ауданы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда биыл республикалық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің сайлауы пилоттық түрде өтетіні мәлімдеген болатын. Ал 2025 жылдан бастап тұрақты түрде әкім сайлауы өтеді.
Comments