Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан-Ресей қарым-қатынастардың жай-күйі мен дамыту перспективаларын, оның ішінде өңірлік халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылады.
Сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін тексерді.
Related news
“No need for an uprising.” The father of the deceased issued an appeal regarding the incident in Talgar
