Қазақстан Республикасы үкіметі ел аумағындағы заңсыз пайдаланылған жер телімдеріне қатысты мәлімдеме жасады. Үкімет мәліметінше, 2022 жылдың басынан бері пайдаланылмай жатқан жер және ауыл шаруашылығы үшін заңсыз берілген 7,8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып алынған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Заңсыз жер телімін иеленгендер еліміздің бірқатар облыстарынан анықталып отыр. Жоспардан тыс тексеру барысында Қарағанды облысындағы 1,5 миллион гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар:
- Қостанайда – 738 мың га;
- Ақтөбеде – 745 мың га;
- Түркістанда – 631 мың га;
- Павлодар облысында – 532 мың гектар жер мемлекет меншігіне өткен.
"Адырна" ұлттық порталы