Жезқазғанда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы облыстық кезеңінің жеңімпазы анықталды

3455
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/izobrazhenie_2023-08-19_181326413.png
Бүгін «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауының облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау қорытындысы бойынша: І орын – Жезқазған қаласынан Доспановтар отбасы (республикалық байқауға жолдама және 300 000 теңге); ІІ орын – Ұлытау ауданынан Құлахметовтар отбасы (200 000 теңге); III орын – Жаңаарқа ауданынан Қожамұратовтар отбасы (100 000 теңге). Одан бөлек, келесі номинациялар бойынша: «Берекелі отбасы» - Наурызбаевтар отбасы (Жезқазған қаласы); «Өнегелі отбасы» - Сағындықовтар отбасы (Сәтпаев қаласы); «Өнерлі отбасы» - Сейпішовтер отбасы (Жаңаарқа ауданы); «Парасатты отбасы» - Үйсімбаевтар отбасы (Қаражал қаласы); «Қажырлы отбасы» - Мадыхановтар отбасы (Сәтпаев қаласы); «Ұлағатты отбасы» - Ерғалиевтер отбасы (Ұлытау ауданы); «Үлгілі отбасы» - Мұздыбаевтар отбасы (Қаражал қаласы). Барлық қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды. Айта кетейік, жеңімпаз отбасы қыркүйек айында Астана қаласында өтетін «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауының республикалық кезеңінде Ұлытау өңірінің намысын қорғамақ.
Comments
Other materials