Ақша айырбастау пункттерінде доллардың ұлттық валютаға шаққандағы бағамы көтерілді. Бұған Kurs.kz деректері дәлел, - деп хабарлайды "Адырна" сайты.
Алматының айырбастау пункттерінде сағат 11:20-дағы жағдай бойынша долларды сатудың орташа бағамы 456,10 теңге, сатып алу – 453,64 теңге.
Астананың айырбастау пункттерінде орташа сату – 456,35 теңге, сатып алу – 452,08 теңге болды.
Айта кетейік, 15 тамызда Алматының айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 450,06 теңгені, сату – 452,31 теңгені құрады. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 449,13 теңгеден сатып алынып, 453,21 теңгеден сатылуда.
Америка валютасының ресми бағамы 16 тамыздағы жағдай бойынша 449,17 теңге.
Related news
On the occasion of the 130th anniversary of Magzhan Zhumabayev, a republican concert entitled "I will not die, mine will not die..." will be held.