Қарағанды облысының Бухгалтерлер клубы тегін семинарға шақырады

1961
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/қaraғandy-333.jpg

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында 12 сәуірде тегін семинар өтеді. Оны Бухгалтерлер клубы өткізеді. Мамандар арнайы салық режимін, бөлшек салықты қолдануға байланысты сұрақтарға кеңес береді және жауап береді. Сондай-ақ қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы айтылады.

Іс-шараға қатыса алмайтындар үшін ZOOM-да онлайн трансляция ұйымдастырылады.

Тілек білдірушілер "Бизнес Қарағанды" телеграм-каналына тіркелуі қажет.

Қосымша ақпаратты 8-7212-504-055 телефоны арқылы алуға болады. E-mail: legalprotection.kgf@atameken.kz.

Семинардың басталуы: 14.30.

ӨКП Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 29 мекенжайында орналасқан.

Comments