Қазақстан Ресейден электр энергиясын жеткізуге шарт жасасты. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мен «Интер РАҚ» ЖАҚ арасында электр энергиясын жоспарлы жеткізуге шарт жасалды. Бұл қажет болған жағдайда Ресей Федерациясының энергия жүйесінен электр энергиясын сатып алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,—делінген хабарламада.Басқарма электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын тұтыну көлемін сапалы болжау қажет екенін айтты.
«Сапасыз болжам қымбат импорттық электр энергиясын сатып алуға әкеледі, салдарынан бұл түпкілікті тұтынушы үшін тарифтің қымбаттауына әкелуі мүмкін»,—деді министрлік.Еске сала кетейік, 1 шілдеден бастап президенттің тапсырмасына сәйкес энергетика министрлігі электр энергиясы нарығын реформалау бойынша салалық жұмыс жүргізді. Елде электр энергиясы нарығының жаңа моделін енгізу бойынша заңнамалық нормалар қабылданды.
Related news
10,000 military personnel were mobilized to protect the western regions from water - Olzhas Bektenov
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”