Елордалық вокзалға Nur-Sultan атауы берілді 

2187
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/04/vok.png
Елордадағы темір жол вокзалына жаңа атау берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Біз "Астана" вокзалының атауын Nur-Sultan (латынша) деп өзгерттік. Вокзал атауын қала атауымен бірдей еттік", - деді ОТБ вокзал шаруашылығы директорының орынбасары Абай Досанов Tengrinews.kz тілшісіне. Оның айтуынша, 2019 жылы 8 сәуірде вокзалдың атауы өзгерген. 2019 жылы 23 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын Нұр-Сұлтан атауына өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.
Comments