Демалыс күндерінің алдында. Доллар бағамы арзандады

2021
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/izobrazhenie_2023-07-05_164700475.png
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап. Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 2,76 теңгеге төмендеп, 443,84 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 5 шілдедегі ресми бағамы долларға 446,79 теңгені құрайды. Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 444,97 теңге, сату – 447,99 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 443,15 теңгеден сатып алынып, 447,17 теңгеден сатылуда.
Comments