Алматы облысында жолаушылар автобусы жол апатына түсті, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Жол апатына қатысты видео әлеуметтік желіде тарады. Видеода №203 жолаушылар автобусы жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады. Оқиға Құлжа трактінде болған.
Облыстық Полиция департаментінің өкілдері бұл дерекке қатысты пікір білдірді.
"Алматы облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы 26 маусымда "Алматы-Көкпек-Көктал" тасжолының 24-шақырымында болғанын хабарлайды. 54 жастағы жүргізуші көліктің рөлін басқара алмай, кюветке шығып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ", - дейді ПД өкілдері.
Related news
A presentation of books published within the framework of the "New Kazakh Literature" project was held in Almaty
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
