Жетісуда 15 жастағы жасөспірім қыз жоғалып кетті

5701
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/ac096189-79cd-463d-9d61-e6ae1f225d98.jpeg
Жетісуда 15 жастағы жасөспірім қыз жоғалып кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. 4 маусымда кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмаған.
«Полиция қызметкерлері Панфилов ауданы Әулиеағаш ауылынан хабар-ошарсыз кеткен 15 жастағы Ербосын Айзере Қанатбайқызын іздестіріп жатыр. Мектеп оқушысы қара жемпір, қара джинсы және ақ кроссовка киген. Жасөспірімнің белгілері: орташа денелі, көзінің түсі қоңыр, шашы қара, ұзын, иықтан төмен. Кәмелетке толмаған қыз баланың жүрген жері, қайда екендігі немесе қызға қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндердің барлығын облыс полициясына +7 705 519 1021, 707 786 4630, 771 492 1007 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауларыңызды сұраймыз»,—делінген хабарламада.
Comments