Сингапур Республикасының президенті Халима Якоб Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Ақорда" резиденциясында Халима Якобты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары орындалды.
Тоқаев Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Related news
The construction of the National Sports University will be entrusted to a company from Switzerland for 127 billions tenge