Жапон теңізінің жағалауындағы Хонсю аралының орталық бөлігінде магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Жапонияның бас метеорологиялық департаментінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Жер асты дүмпулерінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.
Мамандардың айтуынша, төтенше жағдайдың салдарынан жағалаудағы су деңгейінің көтерілу қаупі бар.
Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.
Related news
A person born a traitor...". The Georgian airline has banned the country's president from boarding the plane