Тәжікстан басшысы «Алтын Қыран» орденімен марапатталды, деп хабарлайды, “Адырна” ұлттық порталы.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады», - делінген Ақорда мәліметінде.Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды елорда әуежайында қарсы алды.
Related news
Villagers do not participate in TV rating research. That is why the life of Kazakh programs is short.