Петропавл мәслихатының депутаты Павел Афанасьев қала атауын өзгерткісі келетіндерді "мәңгүрттер" деп атады. Бұл туралы ол телеграм-арнасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Қала немесе облыстың атауын өзгерту жөніндегі мәселені біздің қоғамда тыныштық пен халықтың көңіл-күйін, келісім мен интернационализмді бағаламайтындар көтереді. Қалалардың атауын өзгертумен көпұлтты емес, моноұлтты мемлекет құрғысы келетіндер айналысады. Мәңгүрттер, Петропавл атауын өзгертуге жұмылыңдар", - деп жазған депутат.
Депутаттың бұл жазбасы көптің ашуын туғызды. Желі қолданушыларының бірі тіпті оны "депутаттықтан қуу керек" деп жазған.
Related news
The Chairman of the Treasury Committee of the Ministry of Finance of the Republic of Kazakhstan has been relieved of his post