Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева мен немере інісі Қайрат Сатыбалды Алматы маңында 2 мың гектар жерінен айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
ҚазТАГ агенттігі бұл ақпаратты Алматы облысы прокуратурасының растағанын жазды. Аймақтық қадағалау мекемелері Әлия Назарбаева мен Қайрат Сатыбалдыға тиесілі ауқымды жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарды.
Жалпы көлемі 2 мың гектарды құрайтын жер телімдері Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарында орналасқан.
Related news
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”
