Ақтауда полиция бастығының орынбасары қарамағындағы адамға қол көтерген. Бұл туралы видео желіде жарияланып, тарап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы astanatv.kz-ке сілтеме көрсете отырып.
Видео сипаттамасында "Маңғыстау облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Шынболат Дәрібаев қызметкерлерге тәртіп пен заңдылықты үйреткеннің орнына оларды ұрып-соғуда" деп жазылған.Маңғыстау облысының полиция департаменті Lada.kz сайтына инспекция кадр саясаты басқармасының жеке құрамы бойынша қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіп жатқанын айтқан.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
We need real results, high-speed Internet, and quality communication, not statistics covering the country
