Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлады "Адырна" ұлттық порталы turkystan.kz-ке сілтеме көрсете отырып.
Төтенше жағдай режимі бірнеше күнге созылған алай-дүлей, күшене соққан желге байланысты енгізіліп отыр.
Қатты жел 3 мектеп пен 1 балабақшаның шатырын ұшырып әкетті. Алдын ала есеп бойынша екпінді желден келген шығын көлемі – 99 млн теңге. Зардап шеккендер жоқ. Балалар мектептерге қатынап оқып жатыр.
Қордай ауданы әкімінің орынбасары табиғаттың тосын мінезіне қатысты пікір білдірді. Ол синоптиктер болжамынына иек артып, ұйытқыған желдің 4 сәуір күні "сабасына түсуі" мүмкінін екенін жеткізді.
Жел басылғаннан кейін нысандарды жөндеу жұмысы басталады.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended