Мерекелік іс-шарада Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі спортшы Шавкат Рахмоновпен әңгімелесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұл жайды "Адырна" ұлттық порталы жазды.
«Құтты болсын! Таяу арада мен қабылдаймын. Жарайсың! Мақтан тұтамыз!», - деді Мемлекет басшысы Шавкат Рахмоновқа.Айта кетейік, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (16-0) Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 285 аралас жекпе-жектен турнирде өнер көрсетіп, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген болатын. Осылайша, ол UFC ресми рейтингінде 7-орынға көтерілген еді.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
Villagers do not participate in TV rating research. That is why the life of Kazakh programs is short.
The Development Bank of Kazakhstan, which enriched the Nazarbayev dynasty, will be radically reformed
