ҚР-ның мерекелік күнтүзбесі екі кәсіби мерекемен толықты. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде 35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Мұғалім күні – 5 қазан, Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі", - делінген ресми хабарламада.
"Адырна" ұлттық порталы