Бүгін Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі.
Алғыс айту күні - бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке. Бұл кең құшақ құрмет - еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне, халқымыз үшін айтулы ізгі дәстүрге айналды.
Жалпы, бұл күн қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш пен қайғыны қатар бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын сәті.
Айта кетейік, 2016 жылдың 14 қаңтардан бастап 1 наурыз - елімізде Алғыс айту күні деп жарияланған. Дәл осы күні елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
Мерекемен “Адырна” ұлттық порталының оқырмандарын шын жүректен құттықтаймыз!
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended