Түркиядағы қырғыз әйел Қазақстаннан барған құтқарушыларға өз қолымен манты пісіріп әкеліп, көпті тамсандырды. Оқиға түсірілген видео желіде пайда болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Біз Қырғызстаннанбыз, қазақ құтқарушыларын көрдік. Сіздер үшін манты дайындадық. Мұнда басқа тамақ бар, бірақ біздің манты жоқ. Сондықтан тез арада пісірдік", - деді әйел.
Еске сала кетсек, Түркияда жойқын жер сілкінісінен кейін Қазақстан үкіметі құтқарушылар мен медицина қызметкерлерін көмекке жіберді. Бірінші құрамға республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен "Апат медицинасы" орталығының медицина қызметкерлерін қосқанда, жалпы 41 адам енді.
Related news
We need real results, high-speed Internet, and quality communication, not statistics covering the country
A person born a traitor...". The Georgian airline has banned the country's president from boarding the plane
