Қырғызстанда 4,5 балдық жер сілкінісі болды

3367
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/02/ddc1ee5f-40e3-456f-a0dc-e59eff492c6d.png
Бүгін Астана уақытымен сағат 11:30 шамасында Қырғызстанда 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘЭ» сейсмикалық станциялар желісінің мәліметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,9. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 10 шақырым», – делінген хабарламада.
Comments