Cоңғы хабарланған деректер бойынша Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі кезінде кем дегенде 3500 адам қаза тапты. Үйінділер арасында қалғандар да бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Түркия билігінің мәліметінше, 2900-ден астам адам қайтыс болды. 15 мыңнан астам адам жарақат алды. Үйінділер астында мыңдаған адам қалды. Ауа райының қолайсыздығы мен суық қар аралас жаңбырдың жаууы да жағдайды ушықтыра түсті.
Билік Сирияда кем дегенде 1400 адам қаза тапты деп хабарлады. Әзірге зардап шеккендер жөнінде мәлімет жоқ.
Түркияда туған этникалық қазақ азаматы Мұртаза Бұлытай зілзала жайында видео бөлісіп:
- Түркия аман болсын, сұмдық жойқын сілкініс болған екен, жан түршіктірер... - деп жазды.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
The Turkic Academy commemorates the victims of Azerbaijani political repression at the ALZHIR Museum
The Presidents of Kazakhstan, Azerbaijan, and Uzbekistan signed an important agreement on “green” energy
