Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда сайты мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
«Мемлекет басшылары бірін-бірі жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді», - делінген ақпаратта.Әңгімелесу барысында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылаған. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық еткен.
Related news
"Under psychiatric care": in Petropavlovsk, a pupil brought an ax and a knife to school and injured three children
