Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің телеграм-арнасында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Қайғылы оқиға 24 желтоқсанда сағат 10:50 шамасында Самара-Шымкент тасжолының 1270-шақырымында (Арал ауданы)
болған.
Ведомство мәліметінше, Lexus көлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам қаза тапты.
Аталған факт тіркеліп, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Other materials
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз