Ақтөбе қаласында қорапқа салынған нәрестенің мәйіті табылды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
19 желтоқсан күні сағат 22:05-те полицияға Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың өлі денесі табылғаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы барды. Сол жерде жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады.
“Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 100-бабы (Ананың жаңа туған баланы өлтіруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ананың жеке басын анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр”,- делінген хабарламада.
Related news
In the Almaty region, the volume of investments in the field of tourism amounted to 9.9 billions tenge
