Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылынан 20 қараша күні таңертең ерте үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен 24 жастағы тұрғынының мәйіті табылды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Ақ жайық" басылымының хабарлауынша, бастапқыда оны іздеуге ТЖД мен полицияның көп күші жұмылдырылды, кейіннен «ҚазАвиаСпас» АҚ тікұшағы қосылды. Бірақ нәтиже бермей, біраз уақыттан кейін іздеу жұмыстарының белсенді кезеңі тоқтатылды.
Ал мәйітті далада – Қаракөлден 22 шақырым жердегі «Өмірәлі» деген жердегі бейіттердің арасынан қойларын іздеп жүрген шопан тауып алған.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
KASYM-ZHOMART TOKAYEV: The thermal power station of the capital is managed by a lawyer, the thermal transit is managed by an agronomist, and the city water channel institution is managed by a zootechnician.