Алматы қалалық ветеринарлық қызметі үндеу жасады. Мекеме "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңның аясында осыған дейін ауланған бұралқы, иесіз иттерді қайта босататынын мәлімдеді. Қарғыбаусыз қаңғыған иттердің еркіндікке шығарылатыны жайында "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.
Заң бойынша ауланған жануарларды өлтіруге тыйым салынды. Қаңғыған хайуандарды қауіпті жұқпалы аурумен ауырса немесе негізсіз агрессия жасаса ғана атуға рұқсат.
Мекеме қаңғыған жануарларды ешкім асырап алмаса, құлағына арнайы жасыл ен тағып, еркіндікке қоя береді.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
If the candidate for the "Golden Badge" gets a low score on the UNT, the school administration will be held accountable - Aimagambetov