Ресейдің Нижневартовск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде қолданыстағы газ жарылды. Жосын жайттың салдарынан ажал құшқан жандардың саны тоғызға жетті. Оқиғаның желісі жайында "Адырна" ұлттық порталы "Life.ru"-ға сілтеме көрсете отырып хабарлайды.
Нижневартовск тұрғын үйлерінің бірінде тұрмыстық қолданыстағы газ жарылды. Газдың жарылуынан мертіккен жан ауруханада көз жұмды. Салдарынан қайтыс болғандардың саны тоғызға жетті. Аталмыш деректі Ресейдің денсаулық сақтау департаменті мақұлдады.
Еске сала кетейік, жарылыс 4 желтоқсан күні болған. Газ балоны "Мир" көшесінде орналасқан үйдің тұрғыны балық ұстаауға дайындап жатқан шақта жарылған. Ақырында, тұрғын үйдің бір бөлігі опырып түсті. 7 желтоқсан қалада аза тұту күні болып жарияланды.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
Attack in Lebanon. The Ministry of Defense provided an update on the condition of Kazakh peacekeepers
"Influential people, extremists, extreme religious people". The President described the incident in January