Таразда «Қазфосфат» қызметкерлері наразылыққа шықты

4683
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/11/ba9364dc-998e-4087-b1fe-c60f35838740.jpeg
Таразда «Қазфосфат» қызметкерлері наразылыққа шықты. Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Жүздеген қызметкер «Қазфосфат» ЖШС-ға қарасты «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» филиалы маңында жиналды. Қызметкерлердің айтуынша, мекеме басшысы жұмысшыларды балағаттаған. Сондай-ақ, жалақы мөлшері – 150-180 мың теңге аралығында. Олар осындай жағдайда басшылық қызметтегілердің 18-24 миллион теңге аралығында жалақы алатынына наразы. Журналист Ерқанат Көпжасарұлы бұл шу шыққаннан кейін мәселенің шешілгені туралы айтып, Facebook парақшасында жариялады.
“Жағдай шешілді. Басшылықты ауыстырыпты”,- деп жазды ол.
 
Comments
Other materials