Алматыда құрылыс жүргізуге рұқсаты жоқ баспаналар саудаға шығарыла бастаған. Бұл туралы Хабар 24 жариялады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Олардың жарнамасы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Халықты қажетсіз тәуекел мен қолайсыздықтан сақтандыру мақсатында мегаполис әкімдігі осындай тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялады. Көбі Бостандық, Медеу және Наурызбай аудандарында тіркелген. Ал салынып жатқан тұрғын үй кешендері құжаттарының бар-жоғын, дұрыс-бұрысын қала құрылысын бақылау басқармасынан білуге болады.
Бұл тұрғын үй кешендерінен пәтер алмағаныңыз жөн:
-
Бостандық ауданы - "Khan" клуб үйі – жоба эскизі жоқ;
-
Бостандық ауданы - "Castle Rock" ТК - жоба эскизі жоқ;
-
Бостандық ауданы - "Rich" клуб үйі - жоба эскизі жоқ;
-
Медеу ауданы - "Esentai Terrace" клуб үйі - жоба эскизі жоқ;
-
Медеу ауданы - "Alma Garden" - жоба эскизі жоқ;
-
Медеу ауданы - "Chelsea Club House" - жоба эскизі жоқ;
-
Наурызбай ауданы - "Цюрих" ТК - жоба эскизі жоқ;
-
Наурызбай ауданы - "Flora" ТК - жоба эскизі жоқ;
-
Наурызбай ауданы - "Lantana" ТК - жоба эскизі жоқ
Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival