Қазақстанда бір тәулік ішінде 94 адамнан коронавирус анықталды. Науқастар жайлы деректерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған. Бұл турасында "Адырна" ұлттық порталы хабарлады.
18 қарашада елімізде КВИ-ге шалдыққан 83 науқас және пневмония белгілері бар алты адам анықталды. Екі күн ішінде 72 адамның бойынан коронавирус инфекция анықталған еді.
19 қарашадағы мәлімет бойынша, елімізде 786 адам коронавирус инфекциясынан (–615+ және 171 КВИ-) айығу үшін ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 112-сі стационарда, 674 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр,
- 2 адамның жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
10,000 military personnel were mobilized to protect the western regions from water - Olzhas Bektenov
“He drove her crazy.” In Aktobe region, a former imam controlled his wife by using religion to intimidate her
