Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматы қаласы жұртшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ол Президенттің міндеті мен мақсатын айқындап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Менің түсінігімде, Президент – жалдамалы менеджер, халық онымен белгілі бір мерзімге келісімшарт жасайды. Азаматтардың еркін таңдауының нәтижесінде елдегі ең жоғары мемлекеттік лауазымға ие болған адам миллиондаған отандастарының дауысымен бекітілген келісімшартқа қол қояды. Сондықтан Президенттің лауазымы – артықшылықтан бұрын зор жауапкершілік. Бұл қызметті атқарған және атқаратын әрбір адам ең қатал үш соттың – халықтың, тарихтың және өз ар-ұжданының алдында жауап береді. Сенім – елдің игілігі мен дамуына, халықтың ынтымағына негіз болатын қастерлі ұғым»,- деді ол.
Related news
Lavrov's hopes were not fulfilled. Tajikistan openly said that there was no way to the Eurasian Economic Union