Ақордада өткен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне арналған кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда "Сергек" камераларының саны ұлғайтылатынын айтты.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, Алматы шаһарында 2023 жылы «Сергек» бейнекамераларының санын 575-ке ұлғайту жоспарланды. Бұл туралы мәслихат сессиясында қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев мәлім етті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Спикердің айтуынша, 2023 жылы Алматыда 575 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (АБК) іске қосылады, оның ішінде ақпан айында – 100 АБК, наурыз айында – 150 АБК.
«Бұл бастама Алматы қаласының жолдарындағы өлім-жітімді 30% қосымша төмендетуге және жергілікті бюджетке айыппұл ретінде 16,2 млрд теңге жинауға мүмкіндік береді. Жалпы, бүгінгі күні Алматыда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты асында 766 «Сергек« кешені жұмыс істеп тұр. Оның ішінде желілік учаскелерде – 383, қиылыстарда – 383», - деді Баян Қоңырбаев.Ол сондай-ақ Алматыда «Сергек» бейнекамералары іске қосылғалы бері жолдағы өлім-жітім 48%, жол апаттары 29%, жарақат алғандар саны 30% азайғанын айтты.
«32 ай ішінде қала бюджетіне 17,5 млрд теңге түсті. Сондай-ақ жеке серіктеске 2,6 млрд теңге төленді. «Сергек» кешені санын арттыру апаттар көп болатын мен криминогенді учаскелерді толық бақылауға, жол мен қоғам қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік береді», - деді спикер.
Related news
"First I made it for my wife". Transcribe.kz is an application that captures the Kazakh voice into text
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
