ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысына барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Бүгін Ақмола облысы Ақкөл қаласына сапармен бардым. Кездесу барысында жиналған қауымға сайлауалды бағдарламамның басым бағыттары жөнінде баяндадым. Бағдарламамның саяси тұсына қатысты халықтың қызығушылығы өте жоғары. Мен не себепті парламенттік-президенттік билікке көшуді ұсынып келемін? Жауап нақты әрі айқын. Бұл бюджет қаражатына қатысты халықтық бақылауды орнатуға мүмкіндік береді", - деп жазды Нұрлан Әуесбаев өзінің фейсбук парақшасында.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
The construction of the National Sports University will be entrusted to a company from Switzerland for 127 billions tenge
