Үкімет басшысы Әлихан Смайылов "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға тиесілі шахталарда апат болмау үшін компанияға қойылатын талап қатаңдатылатынын айтты. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға тиесілі Қарағанды облысындағы шахталардағы апатқа тоқталайын. Жақында көмір өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану келісімшартын қайта қарау барысында осы компанияға алғаш рет қосымша талаптарды енгіздік: жыл сайын көмір өндірісін жаңғыртуға кемінде 150 млрд теңге бөлу, көмір қабаттарын газсыздандыруға 37 млрд теңге инвестиция бөлу. Бұрын жер қойнауын пайдаланушыларда мұндай міндеттер болмаған. Басқа жер қойнауын пайдаланушыларға да осындай қосымша талаптар мен міндеттемелерді күшейтуді жоспарлап отырмыз", – деді премьер-министр Сенаттың жалпы отырысында.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
Free education will be paid by the war. It was said that in Russia, students going to the war study for free
#премьер-министр
шахта
қарағанды
Теміртау
АрселлорМиттал Теміртау
өндіріс
кеншілер
Әлихан Смайылов
Орталық Қазақстан
Орталық Азия елдері