Алматыда екі автобус соқтығысып, салдарынан 1 адам қаза тапты, 15 адам жарақат алып, 9 адам ауруханаға жатқызылды. Оның біреуі 9 жасар бала, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 21 адам медициналық көмекке жүгінген. 9 адам ауруханаға жатқызылды.
Барлығының жағдайы орташа, тұрақты.
Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 7 адам жеткізілді, көрсетілген көмектен кейін науқастар тұрғылықты жері бойынша емханаға одан әрі амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Жедел жәрдем ауруханасына 7 адам түсті, екеуі ауруханаға жатқызылды, 5 адам амбулаториялық емге жіберілді.
Қоғамдық көлікте болған 2013 жылы туған жасөспірімнің миы шайқалған. Сондай-ақ, беті аузы көгеріп, жараланған. Бала нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды.
Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
