Әлемдік нарықта танымал брендтер Ресейден теріс айналып, солтүстіктегі көршімізбен біржолата ат құйрығын кесісті. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады.
Ресей нарығын тәрк еткен брендтер қатарында "Gap", "Huawei", "Jagermeister" секілді алпауыт компаниялар бар. Мәселен, америкалық "Gap" Ресейдегі дүкендерінің барлығын құлып салып, жұмысын тоқтатпақшы.
Қытайы Huawei де Ресейге тікелей смартфон жеткізуді доғарды. Немістердің сапалы ликер сусынын өндіретін Jagermeister-дің де Ресейден теріс айналғанын компания өкілі жеткізді.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
The first Inter-Parliamentary Forum of the Central Asian States is taking place in the city of Turkestan
