«Ауыл» партиясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев ЖСДП кандидаты Нұрлан Әуесбаевтың этикаға сай емес сөзіне жауап берді. Видео арқылы қабақ шытып, қарымта қайтарған үміткердің жауабын Төлеутай Рахымбеков өз парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
- Нұрлан батыр, саған айтарым, алыстан айбат көрсеткенше, бетпе-бет кездесейік. Қандай ойың бар екен. ЖСДП деген партия бар ма екен, өзі? Мен төрт аймақты араладым. Ауылдастар ЖСДП деген партияның бар екенін білмейді. Сенің өзіңді, Нұрлан Әуесбаевты, танымайды да! Алыстан айбат шеккенше, сен менімен кездесші, алдымен! - деді қабағы қатулы Жигули Дайрабаев.Еске сала кетейік, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Үміткерлер Қазақстан халқымен жүздесіп, аудан-ауылдарды аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр."Адырна" ұлттық порталы
Related news
"Those who have not been vaccinated will not be allowed to work": a new decree of the Chief Sanitary Inspector has been issued
Президент
жигули дайрабаев
Үміткер
Ауыл партиясы
#аралас_жекпе_жек
жекпе-жек
сайлау науқаны
президенттік
кандидаттар