Алматы көшелерінде екі колледждің студенттері төбелесті. Полициясы оларды тоқтатты. Желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
22 қазан күні 102 арнасына Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында бір топ жас арасында болып жатқан төбелес туралы хабарлама келіп түскен.
Дабылға бірінші болып патрульдік полиция экипаждары жауап беріп, төбелесті дер кезінде тоқтатты.
Екі колледждің студенттері жанжалдасып қалғаны анықталды. Зардап шеккендер жоқ.
«Осы факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігімен (бұзақылық) қылмыстық іс тіркелді. Төбелеске қатысушының әрқайсысының іс-әрекетіне Қазақстан заңнамасына сәйкес шара қабылдана отырып, құқықтық баға беріледі», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Related news
Ursula von der Leyen Congratulates Tokayev on the Discovery of a Major Rare Metals Deposit in Kazakhstan