Еліміздегі төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Торғай даласында болған өрттің себептерін санамалап атады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қостанай облысындағы өрттің өршуіне табиғи факторлар себеп болмаған. Министр Юрий Ильин өрттің орманға егіс даласынан ауып келгені анықталғанын айтты. Желдің бағыты мен өрттің күлі тілсіз жаудың егіс даласынан орман алқабына көшкенін айғақтаған. Қазір орман шаруашылығының директоры тұтқындалды, қызметтегі өзге мамандар тергеліп жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”
